Кабулдің орталығында қарулы топ қорғаныс министрінің үйіне шабуыл жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулдің орталығында қарулы топ қорғаныс министрінің үйіне шабуыл жасады

04.08.2021

Кабулдің орталығындағы күзеті күшті «жасыл аймақта» атыс болып, бомба жарылып, 3 бейбіт тұрғын мен қарулы топтың үш мүшесі мерт болды. Тағы жеті адам жараланған. Дегенмен, қақтығыс соңында шабуылшылардың барлығы қаза тапты. Мұны елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ауғанстан қорғаныс министрі Бисмиллах Мохаммадидің мәлімдеуінше, қарулы топ оның үйін нысанаға алып, бірнеше оққағарды жаралағанымен, отбасы аман қалған.

Бұл мемлекеттегі жағдай мамырда АҚШ пен НАТО әскері шығарыла бастағалы қиындады. Содан бері тәліптер елдің айтарлықтай бөлігін басып алып, қазір Герат, Гельманд, Қандағар тәрізді маңызды провинцияларға бақылау орнатуға күш салып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу