Жетісулықтар Арыспен бірге - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісулықтар Арыспен бірге

25.06.2019

Кешелі бері бұл өңір халқы да шама-шарқы келгенше қол ұшы көмегін созып жатыр. Дәл қазір менімен тікелей байланысқа осы өңірдегі тілшіміз Қуаныш Қанатұлы байланыста. Алматы облысынан гуманитарлық көмек ертең шығады деген рас па Қуаныш?

Қуаныш Қанатұлы, тілші:

Ертең таңғы сегізде қажетті заттар тиелген 8 КАМАЗ көлігі Алматы-Бішкек тас жолынан Оңтүстікке аттанады. Ал Талдықорған қаласында гуманитарлық көмек жинау жұмысы жалғасуда. Нұр Отан партиясының облыстық филиалында, Азаматтық Альянстың кеңсесінде арнайы бөлмелер бөлініп, қабылдау жүріп жатыр. Оқиғаға бейжай қарай алмаған азаматтар азық-түлік, киім-кешек және басқа да заттарды әкеліп беруде. Нұр Отан партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров барлық жұмысты өзі қадағалап пысықтап отыр. Серік мырза ертеңгі шығатын керуенде не апарасыздар?

Алматы облысындағы мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті атқарушы билікке бағынышты ұжымдар, бюджеттік мекеме жұмысшылары бір күндік жалақысын аударады. Бұдан бөлек кәсіпкерлер де белсенділік танытып, қаржылай қолдау көрсетуде. Сондай-ақ орталық мешітте де жылу жинау жүріп жатыр. Арыстықтар біз сіздермен біргеміз деп сендіргім келеді. Біз алдағы уақытты ол туралы толығырақ ақпарат тарататын боламыз Астана сөз тізгіні өздеріңізде!

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу