Арыс қаласы аумағына кіру әлі де қауіпті күйінде қалып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыс қаласы аумағына кіру әлі де қауіпті күйінде қалып отыр

25.06.2019

Апат шаққан әскери бөлімнің аумағындағы өрт ошағы толық сөндірілген жоқ. 2 мың 700 гектар аумақты алып жатқан әскери бөлімнің аумағында 89 оқ дәрі сақтау қоймасы орналасқан. Қазір саперлар жарылғыш заттарды залалсыздандыру жұмысын жалғастырып жатыр. Сондықтан әзірге тұрғындардың қала аумағына кіруіне тиым салынған. 45 мыңдай адам мекен еткен Арыс қаласында қазір мүлдем тіршілік тоқтаған. Дүркін дүркін болған жойқын жарылыстан шағын шаһардағы 7 мың 600 үйдің терезелері қираған. Тағы 60 пайыз үйдің шатыры бүлінген. Кейбір үйлердің тіпті шатырлары опырылып ортасына түскен. Жол жағасында аударылып қалған автоөкліктерді де кездестіруге болады. Снаряд түскен кейбір жерлерде жарықшақтар шашылып жатыр. Асығыста құжаттарын үйінде қалдырып кеткен бірлі жарым азаматтарға бүгін үйлеріне кіріп шығуға рұқсат етілді. Олар қажетті қағаздарын алған соң күзетпен қала аумағынан шығарылып жатыр.

Ғани ҚАЛМАХАН

 

 

Хабарламаларға жазылу