ҚР АҚДМ Түркі кеңесінің БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысына қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР АҚДМ Түркі кеңесінің БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысына қатысып жатыр

29.07.2021
ҚР АҚДМ Түркі кеңесінің БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысына қатысып жатыр

Бүгін Ыстамбұлда Түркі кеңесі БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы және Әлеуметтік желілерде жұмыс істеу бойынша Оқыту бағдарламасының бірінші күні өтті. Аталған шараның 29-30 шілде аралығындағы бағдарламасына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның мемлекеттік БАҚ өкілдері қатысып отыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ іс-шараларға Түркі кеңесінің мүшелері болып табылатын Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстанның тиісті институттары мен ұйымдарының өкілдері және Венгрияның (бақылаушы-мемлекет) өкілдері қатысуда.


Шараның басында қатысушылар алдында Түркия Президенті Әкімшілігінің байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун сөз сөйледі.

Тренинг бағдарламасы әлеуметтік желілерде тәжірибе алмасуға, дезинформацияға қарсы күресте үздік тәжірибелерді талқылауға бағытталған.

Хабарламаларға жазылу