Мемлекет басшысы Ресейдің Астрахан облысының губернаторын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ресейдің Астрахан облысының губернаторын қабылдады

26.07.2021

Мемлекет басшысы Ресейдің Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинді қабылдады. Кездесуде Қазір еліміздің батыс өңірі Астраханмен тиімді қатынас орнатқаны айтылды. Негізгі байланыстырушы күш Ресейдің осы аймағында тұратын қазақ диаспорасы. Қасым-Жомарт Тоқаев Астрахан қазақтарының тарихи отанымен рухани байланысын нығайтуға қолдау көрсеткені үшін Игорь Бабушкинге ризашылық білдірді. Сондай-ақ, қазақтың Бөкей хан, Құрманғазы, Дина сынды тұлғаларының есімін ұлықтап келе жатқанына алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Эни С.П.А. компаниясының атқарушы директоры Клаудио Дескальциді де қабылдады. Тараптар ірі мұнай газ жобаларын іске асыру мен Қашаған кен орнын толыққанды игеру жайына тоқталды. «Қазақстандық қамту үлесін арттыруға да басымдық берілуі керек», - деді Президент.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу