Таразда гуманитарлық көмек көрсету пункттері ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда гуманитарлық көмек көрсету пункттері ашылды

25.06.2019

Қазір шаһарда бірнеше гуманитарлық көмек қабылдау орындары тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Бізбен қазір тікелей эфирге өңірдегі тілшіміз Сәбит Әлдебай шығуға дайын.

Арыстағы қайғылы жағдай Жамбыл жұртының да қабырғасын қайыстырғаны даусыз. Оңтүстік өңірді бетке алған жолаушылар пойыздары оқыс оқиғаға байланысты Тараз қаласының теміржол бекетінде уақытша тоқтап тұр. Дегенмен, өңір азаматтары онға жуық "Икарус" маркалы автобустарды дайындап, діттеген мекеніне жетуге асыққан азаматтар үшін бар жағдайды жасауда. Қазірге дейін мыңға жуық жолаушы осындай көлік түрлерімен Шымкент, Қызылорда бағыттарына жол тартты. Әлі де келетін пойыздар бар. Сондықтан да қосымша автобустар ұйымдастырылып отыр.Ал, Жолда қалған жолаушылар үшін жол бойында орналасқан N15, N16, N24 мектептерде ыстық тамақ және жатын орын әзірленген. Көрші облысқа дәрі-дәрмекпен қамтылған жедел жәрдем бригадасы да жолға шықты. Азық-түлік пен ким кешек, көрпе төсек тиелген жүк көлігі де Арыс қаласына жөнелтілгелі жатыр. Қазір менің жанымда гуманитарлық көмек көрсету пунктіндегі еңбек етіп жатқан ерікті бақкелді далабаев тұр. жылу жинау жұмыстары қалай жүріп жатыр.

Айта кетейік апатқа байланысты гуманитарлық көмек көрсету пункттері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Онда алғашқы көмек көрсетуге қажет заттар қабылданады. Қазір Тараз қаласы бойынша бірнеше гуманитарлық көмек қабылдау орындары ағылып келіп жатыр.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу