Сайлау - ауыл үшін демократия мектебі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау - ауыл үшін демократия мектебі

25.07.2021

Әкімдер сайлауы - ауыл үшін демократия мектебі. Халықтың ерік-жігерін білдіруі, оның мемлекеттік басқаруға қатысуындағы негізгі тетіктердің бірі. Шетелдегі көптеген тәжірибе көрсетіп отырғандай, тікелей сайлау кезінде әкімге өз сайлаушылары алдында зор жауапкершілік жүктеледі. Бұл оның жұмысының нәтижелі болуына оң әсер етпек.

Талғат Қалиев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры:
Ауылға ол – ең бірінші демократия мектебі. Орташа санағанда бір орынға үш адам таласып жатыр. Бұл – өтк үлкен көрсеткіш. Ауылдың тұрғындары сайлауға сенім білдіріп, ұмтылып жасап жатқандыры көрініп тұр.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл біздің еліміздегі нақты саяси реформаның жүзеге асып жатқанының белгісі. Өйткені саяси реформалар еңбірінші аймақтарда өту керек. +Бұл өте прогрессивті қадам. Біздің халқымыздың саяси мәдениетін өсіруге, сонымен бірге біздің елімізде саяси-қоғамдық флюрализмнің негізін қалыптастыруға бағытталған ең негізгі қадамдардың бірі деп айтуға толық негіз бар.

Бауыржан Бөгенбай

Хабарламаларға жазылу