Түркістан облысында саяси бәсекеде 210 үміткер бақ сынамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында саяси бәсекеде 210 үміткер бақ сынамақ

23.07.2021

Ауыл әкімдерін сайлауында Түркістан облысы бойынша 210 үміткер бақ сынамақ. Оның 10-ы қыз-келіншектер. Сайлауға қатысуға ниет білдіргендердің ішінде ең көбі мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері болып отыр. Сондай-ақ кәсіпкерлер мен жұмыссыздар да ел басқарудан үмітті.

Қарақозы Абдалиев атындағы ауыл округы халық саны жылдам өсіп, ұлғайып келе жатқан мекендер. Бүгінде мұнда 11 мыңнан астам тұрғын тіршілік етеді. Соған орай әлеуметтік проблемалар да жетерлік. Әсіресе, ауылдарға жаңадан қосылып жатқан көшелер мен аумақтарда шешілмеген мәселе көп.

Әлжан Тәшімбетов, Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Амангелді елді мекенінде су мәселесі өте қиын. Еңбекші елді мекенінде ФАП мәселесі. Тағы да ауылдағы жолдар, газ кіретін елді мекендер бар. Ертеңгі дәулеті мен сәулеті көркеюі үшін таңдаған әкімнің атқаратын жұмысы көп деп есептеймін.

Ауыл округы бойынша алдағы сайлауда үш азамат әкімдіктен үмітті. Олардың сайлауалды бағдарламалармен егжей тегжейлі танысқан тұрғындар ауылдастарының дұрыс таңдау жасайтынына сенімді.

Қалдан Сүлейменов, ауыл тұрғыны:
Қолынан іс келетін, тәжірибесі бар. Мықты маман, елді білетін жігітті сайлап алсақ онда біздің ұтқанымыз. Халық боса да оған жәрдем береді. Көмектеседі деп ойлаймын.

Ауыл әкімдерін ашық дауыс беру арқылы сайлау бұл - демократиялық институттың тереңдеген үлгісі дейді саясаттанушылар.

Сәкен Мәжінбеков, саясаттанушы:
Әкім енді сіздікі болады. Ол биліктікі емес ауылдыкі. Таңдап отырсыздар елді, ауылдың барлық жағынан көтерілуіне жағдай жасау үшін осындай мүмкіндіктерді іске қосып отыр үкіметтің өзі де.

Алдағы жексенбіде Түркістан облысы бойынша 241 учаскеде сайлау өтеді. Бұл жолы 60 ауыл округіне қарасты елді мекен тұрғындары өз таңдауын жасамақ.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу