ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты тікелей эфирде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты тікелей эфирде

23.07.2021
ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты тікелей эфирде

ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 16:30-да басталады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын боксшылардың капитаны Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова алып шығады.

Ұлттық Олимпиада Коммитеттерінен келген делегациялардың шеруі 17:30-ға жоспарланған. Шеруді Грекия құрамасы бастап, Жапония құрамасы аяқтайды. Шараға 205 мемлекеттен келген спортшылар қатысады.

XXXII Жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензия бар.


Хабарламаларға жазылу