Таразда жол апатынан 27 жастағы жігіт қаза болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда жол апатынан 27 жастағы жігіт қаза болды

22.07.2021

Таразда жан түршілігерлік жол апатынын 27 жастағы жігіт қаза болды. орталық көшелердің бірінде жаяу өткіншілер жолымен кетіп бара жатқан велосипедшіні жүйткіген жылдамдықпен келген көлік қағып өткен. Қатты соққыдан велосипед мінген жігіт оқиға орнында жан тапсырды. Ал, мерседес көлігін тізгіндеген жүргізуші қамауға алынды. Ол көлік тізгініне мас күйінде отырған болуы мүмкін.

Жәнібек Даңқов, ІІД тергеу басқармасы басшысының орынбасары:

Қазір жүргізуші уақытша қамау изоляторына қамалды. Күдіктіге түрлі сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүруде. Ал, тергеудің басқа мәліметтері қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.


Хабарламаларға жазылу