Қытайда су тасқынынан 25 адам қаза тапты
Қытайдың Хэнань провинциясында 1000 жылдан берңі болмаған алапат тасқын жүрді. Қазір ондағы құрбандардың саны 25 адамға жеткен. Провинцияның əкімшілік астанасы Чженчжоуда 100 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілген. Бірнеше күн бойы дамылсыз жауған нөсер жауыннан соң жолдар мен теміржолдарды су басты. 12 миллиондай тұрғыны бар қалада автобус қатынасы мүлдем тоқтады. Осыған байланысты адамдар үйлеріне жете алмай, жұмыс орнында түнеуге мəжбүр болған. Қауіпті аймақта қалғандарға мыңдаған сарбаз көмекке жұмылдырылды. Ауа райын бақылаушылар, бұл аймақта алдағы үш күн бойы тағы қатты нөсер жауатынын ескертіп отыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да электр желісінің 80 пайызы тозып тұр
10.12.2025, 20:58
Отандық фильм көрерменге жол тартты
10.12.2025, 20:46
Бүгін – халықаралық Адам құқықтары күні
10.12.2025, 20:46
Астанада ертең де аяз болады
10.12.2025, 20:39
Электрлі самокатпен ереже бұзғандарға айыппұл көлемі белгілі болды
10.12.2025, 20:38
Мектептегі жаңа ас мәзірі
10.12.2025, 20:32
Аяз, көктайғақ, кептеліс: Қалада көлік қозғалысы қиындады
10.12.2025, 20:29
Әлем жаңалықтарына шолу
10.12.2025, 20:09