Қазақстанда тағы бір университет бас лицензиясынан айырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда тағы бір университет бас лицензиясынан айырылуы мүмкін

21.07.2021

Алматыдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылуы мүмкін. Сәуірде оқу орнына профилактикалық бақылау жүргізілген. Нәтижесінде тексеру парағының 39 тармағы бойынша бұзушылықтар анықталды. Мәселен, білім алушылар пәндерді толық игермеген. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90 пайызы шекті деңгейден өте алмаған. Түлектерге магистр дәрежесін беру бойынша да кемшіліктер бар. Университетке олқылықтарды жою үшін уақыт берілгенмен, білім беру сапасын жақсарту шаралары жүргізілмеген. Оқу орнын бас лицензиядан айыру бойынша материалдар сотқа жөнелтілді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу