Еліміздің олимпиадалық командасы Токиода жаттығуды бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің олимпиадалық командасы Токиода жаттығуды бастады

19.07.2021

Еліміздің олимпиадалық командасы Токиода жаттығуды бастады. Талапқа сай делегацияның 128 мүшесі коронавирусты инфекцияға байланысты ПТР тест тапсырды. Барлық қазақстандықтар тапсырған тест теріс нәтиже берді. Олимпиадаға аттанған алғашқы лектің қатарында боксшыларымыз бар. Спортшылар дәрігерлердің бақылауымен ыстық әрі ылғалды климатқа бейімделіп, дайындыққа кірісті. Бірінші жаттығу далада өтті. Енді залда жаттығу кестесі беріледі.

Айта кетелік, бокстан Қазақстан намысын сегіз спортшы қорғайды. Сондай-ақ, спорттық гимнастика мен академиялық есуден команда өкілдері одимпиадалық қалашыққа жайғасты.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу