Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Арыста болған оқиғаға байланысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Арыста болған оқиғаға байланысты пікір білдірді

25.06.2019

Бас мүфти төтенше жағдай жанымызға батып, сары уайымға салды,-дейді. Бұл оқиға барша азаматты қайырымдылық ісінде біріктіріп, бауырмашылдығын арттыруы тиіс деп санайтынын жеткізді. Қазір Үкімет қажетті шаралар қабылдауда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өз тарапынан қайырымдылық бағыттағы бастамаларға үлес қосуда. Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы мешіттер тұрғындарға тиісті көмек көрсетіп жатыр. Уақытша тұрақтау үшін мешіт пен медреселер есігі əрқашан ашық екенін хабарланған. Мысалы Шымкент қалалық Орталық мешітінде 5 мыңға жуық адамға ас-су берілді.

 

Хабарламаларға жазылу