Петропавлда пара алған прокурорға қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда пара алған прокурорға қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.07.2021

Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім бастығы Дәурен Сағындықовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол алаяқтық жасап, ақша бопсалағаны үшін сотталған Виталий Никитиннен пара алды деген күдікке ілікті.

Бұл Никитиннің әлеуметтік желілерде жариялаған бейнежазбасы. Ол өзіне қатысты сот ісінің оңтайлы шешілуі үшін прокурорға ақша бергенін айтады. Видео авторының сөзінше, пара алған Сағындықов оған көмектеспей, керісінше соттан 7 жылға бас бостандығынан айыру жасазын сұраған.

Әбу-Әли Саттар, облыс прокурорының бірінші орынбасары:
Никитиннің айтқан уәжі бойынша, Сағындықов мемлекеттік айыптаушы бола тұра, 5 млн теңге пара бер деп талап етіп, 1 млн теңгесін алу фактісі бойынша қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Сондай жағдай болды ма, болған жоқ па – соның барлығын анықтау керекпіз.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу