Жүк тасымалдаушылар жалған құжатпен жүрген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүк тасымалдаушылар жалған құжатпен жүрген

15.07.2021

Қырғызстаннан Ресейге өтетін жүк тасымалдаушылар салықтан жалтарып, жалған құжатпен жүреді. Әсіресе, Батыс Қазақстан шекарасы арқылы өтетін бекетте заңбұзушылық көп. Мемлекеттік кіріс департаментінің мамандары екі жыл бұрын 4800, былтыр 4200 «жалған транзит» фактісін анықтады. Сөйтіп, бюджетке 21 млрд теңге түспей қалды. Еліміз бойынша тексерілген жүк тасымалдаушылардың 91 пайызында заң бұзушылық анықталған. Енді құжат жалған болса, жүргізуші айыппұл төлейді. Құжаттары дұрысталмайынша, шекарадан өткізбейді.

Ерболат Ғәйнешев, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті эксперттік бақылау басқармасының басшысы:
Облыс бойынша екінші тоқсанда тексерілген 58 фактінің ішінен 56-сында заңбұзушылық анықталып отыр. Әр жүргізуші тауар ілеспе құжатын алған кезде міндетті түрде оның тауарға сәйкестігін, тауар алушының бар екендігін шарт толтыру кезінде анықтап, дұрыстап алуы керек. Сол уақытта тексеріске ілікпейтінін айтқым келеді.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу