UEFA EURO 2020 ойындарын отандық арналардан 2,5 млн қазақстандық тамашалаған
Футболдан өткен Еуропа біріншілігін бір ай бойы «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан 2,5 миллион отандасымыз тамашалаған. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мұны TNS Central Asia зерттеу компаниясының деректеріне сүйене отырып анықтады. Жалпы 51 ойынның ішінде көш басында Италия мен Англия арасындағы финалдық матч тұр.
Футболды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы тамашалаған жанкүйерлер саны да көп. Финалдық матчты 281 339 көрермен онлайн тамашалаған.
UEFA EURO 2020 ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығын тек «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары иеленді.
Нағи Бақытбек, «Qazsport» телеарнасының директоры:
Бұл 100 мыңнан артық халық тұратын ірі қалалардың көрермендерінің есебі. Жалпы Республика бойынша біздің елде қараған адамдардың саны ауыл-аймақтарды қоса алғанда, бейресми есептегенде бұдан да көп деп есептеймін. Және де ТОП-5 ең көп қаралған мачтардың ішінде ең бірінші тұрған ол Англия мен Германия, Португалия мен Германия сынды командалардың ойындары.
Бауыржан Бөгенбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бала асырап алу ережелері өзгерді
19.03.2026, 20:59
Сауалнама: Қазақстандық елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді оң қабылдап отыр
19.03.2026, 20:57
Конституция мемлекет дамуындағы жаңа белесті айқындап берді
19.03.2026, 20:55
Еріктілер 300 түп көшет отырғызды
19.03.2026, 20:53
Digital Nauryz студенттік форумы өтті
19.03.2026, 20:51
Топтық кезең ойындары аяқталды
19.03.2026, 20:49
Денсаулық сақтау жүйесін реформалау күшейтілмек
19.03.2026, 20:47
Молдова және Украина елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
19.03.2026, 20:45