Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

13.07.2021

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жолдады . Ол айт кезінде малдың бағасын шарықтатпай, халыққа қол жетімді етіп сатуды ұсынды. Сондай-ақ, тұрғындар күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына жеңілдік жасауға үндеді.

«Құрбан айттың мәні - мейірім, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды құндылықтарды қалыптастыру»,- дейді Бас мүфти.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен тағы бір игі іс қолға алынды. Қуаңшылықтан зардап шегіп отырған Қызылорда мен Маңғыстау облыстарына жем-шөп жөнелтілетін болды.    


Хабарламаларға жазылу