Қытайда қонақүй құлап, 8 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда қонақүй құлап, 8 адам қаза тапты

13.07.2021

Қытайдың Сучжоу қаласында үш қабатты қонақүй ғимаратының бір бөлігі құлап, 8 адам қаза тапты. Тағы 9 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Төтенше жағдай болған жерде қазір құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. «Рейтер» агенттігінің мәліметінше, құлаған қонақүй осыдан үш жыл бұрын тұрғызылған. Әзірге, ғимараттың неліктен опырылып түскені белгісіз.

Арай Төлегенқызы 


Хабарламаларға жазылу