Түркістаннан батысқа 74 тонна шөп жөнелтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістаннан батысқа 74 тонна шөп жөнелтілді

12.07.2021

Түркістан облысында Жетісай мен Мақтарал ауданының тұрғындары биыл қуаңшылықтан қиындық көріп жатқан батыс өңірінің жұртшылығына 74 тонна шөп жөнелтті. Олардың біразы қайырымды іске жоңышақылық немесе шабындық жеріндегі шөбін жинап берген. Енді бірі ақшалай, автокөлік тасымалымен жәрдем беруге тырысты. Жиналған шөп жүк көліктерімен Сарыағаш қаласындағы темір жол стансасына жеткізіліп, әрі қарай вагондарға тиелді. Ортақ іске көп болып жұмылған мырзашөлдіктер тағы 60 тонна мал азығын дайындауды көздеп отыр.

Өзбекбай Рәтов Мырзашөл ауыл тұрғыны:
 Ауылда ұйымдастыру комитетін құрғанбыз. 50, 100 пресске дейін атағандар бар. Сонымен бірге ауылдан түлеп ұшқан азаматтар да көмегін ұсынды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу