Өткен тәулікте 3813 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 3813 адам коронавирус жұқтырған

11.07.2021

Covid-19 коронавирусы мен коронавирустық пневмония бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі ақпарына келсек, тестпен расталғандардың саны 3813. Осыған дейін мұншалық көп науқас тіркелмеген. 41 адам қайтыс болған, 795 адамның жағдайы ауыр,175 адамның жағдайы өте ауыр. 102 адам өкпені желдететін аппаратқа қосылған. Вакциналауға келсек, екпенің екі дозасын да 2 422 378 адам салдырған.

Енді үлкен ұжымдарда вакцина салу міндетіне байланысты. Маңғыстау облысында бірнеше ұжымның жұмысшылары, қызметкерлері қарсы шықты. Дегенмен өңірде екпені жаппай салдырып жатқан мекемелер де аз емес. Модульдік инфекциялық аурухана мен Қарақия аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері, Түпқараған ауданындағы мектеп-гимназия мұғалімдері және басқалар вакцина туралы адам сезімімен ойнайтын, үрей мен қорқыныш тудыратын, бірақ ешқандай ғылыми негізі жоқ, дәйексіз ақпаратқа сенбей, екпе алуға үндеп жатыр.


Хабарламаларға жазылу