Арал ауданындағы қуаңшылық: Жағдайды тұрақтандыру үшін 1 млрд теңгеге жуық қаржы қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал ауданындағы қуаңшылық: Жағдайды тұрақтандыру үшін 1 млрд теңгеге жуық қаржы қажет

11.07.2021

Қарағанды облысына қарасты Ұлытау ауданында дала өртеніп, Байқоңыр ауылынан 50 шақырым жерде орналасқан жайлауда ең ірі мал шығыны тіркелген. Фермер Сағынтай Әбдібековтің талай жыл жиған 350 бас ұсақ малы мен 10 бас бұзау бір сәтте жанып кеткен. Келген комиссия әр малды нарық құнымен өтеп береміз депті. Айта кетейік, Ұлытау ауданында мыңдаған гектар жер бір апта отқа оранған. Билік төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен жұртқа көмек көрсетіледі деп уәде берді. Барлығы 39 жер пайдаланушы зардап шеккен. Ал ең ауқымды дала өрті Жангелді ауылдық окургінде болған. Өкініштісі, өрттің кесірінен бір адам жан тәсілім етті.

Қызыл жалынды сөндіруге өз еркімен қатысқан 23 жастағы азаматтың мүрдесі табылды. Елді мекеннің іргесін өрт шарпыған кезде ол өз еркімен көмектесуге аттанған Қоскөл ауылының тұрғыны Бейбарыс Ескендір болып шықты. Бейбарыс құтқарушы мамандығына оқып жүрген еді.

Серік Әбжанов, Жангелді ауылдық округінің әкімі: 
Облыстық комиссия өз шешімін шығарды.Қажетті құжаттарды дайындап,төтенше жағдайға байланысты базар нарқы бойынша әр қой-қозысына өтемақы беріледі. Жобамен 7 күнде 25-30 мың гектар жер жанды. Олардың бәрі мемлекет қорындағы жер. Ал 49 жылға алған шаруалардың жері 2-3 адамның жері болмаса, жалпы қатты зардап шеккендер жоқ.

Арал ауданында қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай ертең - 12 шілдеде жарияланады. Қазір тиісті құжат Әділет министрлігінің қарауында. Жалпы бұған дейін судан, топырақтан сынама алынған болатын. Жайылымжық жердің құнарлығы небәрі 2 пайыздан аспайды, су айдындарында тұздылық едәуір артқан. Яғни, топырақта шөп шығатын нәр жоқ екені ғылыми негізде анықталды. Тақырға айналған далада аудандағы 250 мыңға жуық төрт-түлік көкке жарымай тұр. Мыңғырған малды сақтап қалу үшін 9 мың тоннадан аса жем-шөп қажет. Әзірге, соның тек 15 пайызы жеткізілді. Ал төтенше жағдай жарияланса ең алдымен кеңес өкіметі кезінде қазылып, бүгінде бітеліп қалған скважиналардың маңызды деген 15-інің көзін қайта ашу жоспары бар. Сондай-ақ, жем-шөп тасымалына кететін жанар-жағармай шығыны өтеледі. Және су келетін каналдар мен дария арнасын тазарту жұмыстары қолға алынбақ. Мамандар есебі бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін 1 миллиард теңгеге жуық қаржы қажет. Билік, қуаңшылықтан қырылған малға мемлекеттен өтемақы төленбейтінін айтыпты.

Шопандардың ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаевтан комментарий алдық.


Хабарламаларға жазылу