Бәсекелестік мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді
Елімізде бәсекелестікті арттыруға арналған заң жобасы әзірленді. Құжат қазір парламентте. Күзде депутаттардың талқысына шығарылмақ. Ол кәсіпкерлерге тең жағдай жасап, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Әрі мемлекеттік сатып алулардың ашық әрі әділ өтуіне жол ашып, әкімшілік және экономикалық түрлі кедергілерді жоймақ. Ең бастысы - мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуы азаяды. Бәекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы бұған дейін 51 монополиялық оператордың анықталғанын айтқан еді. Әрі оның 47-сіне мемлекеттің қатысы бар.
Алдаш Айтжанов, Бәсекелестік саясатты қорғау және дамыту орталығының президенті:Заң қабылданғаннан кейін мұндай операторлар ол жеке меншік болсын мемлекеттік болсын олардың барлығы қадағаланады. Және ең негізгісі - олардың бағасын мемлекет өзі қарайтын болады.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді
04.11.2026, 20:00
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17