Қарағанды облысында өрттен зардап шеккен тұрғындарға өтемақы беріледі
Қарағанды облысында қауіпті деген аумақтардағы дала өрті сөндірілді. Ауқымы 50 гектардан асатын өрттің бес ошағы бақылауда. Бұған дейін тілсіз жау ырық бермеген Ұлытау ауданының Жангелді, Амангелді, Ақтасты, Шеңбер ауылдарында қазір жағдай тұрақты.
Байқоңыр ауылынан 50 шақырым жерде орналасқан жайлауда ең көп шығыны тіркелді. Қожалықтың 350 бас ұсақ малы мен 10 бас бұзауы бір сәтте жанып кетті. Комиссия әр малды нарық құнымен өтеп бермек. Билік төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен жұртқа жәрдем береді. Барлығы 39 жер пайдаланушы зардап шеккен.
Серік Әбжанов, Жангелді ауылдық округінің әкімі:
Облыстық комиссия өз шешімін шығарды.Қажетті құжаттарды дайындап,төтенше жағдайға байланысты базар нарқы бойынша әр қой-қозысына өтемақы беріледі. Жобамен 7 күнде 25-30 мың гектар жер жанды. Олардың бәрі мемлекет қорындағы жер. Ал 49 жылға алған шаруалардың жері 2-3 адамның жері болмаса, жалпы қатты зардап шеккендер жоқ.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар сайлау барысын бағалады
24.08.2026, 17:51
Ел жаңалықтарына шолу
24.08.2026, 17:39
Қазақтың амандасу әдебі қалай болған?
24.08.2026, 17:37
Ақтөбе облысында тағы бір ауылға газ берілді
24.08.2026, 17:33
Түркістанда өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылды
24.08.2026, 17:30
ШҚО-да 4 мың адамды кене шаққан
24.08.2026, 17:27
Ақмола облысында 1,3 млн тонна астық бастырылды
24.08.2026, 17:25
Қытайда тасқыннан 54 мыңдай адам үйлерін тастап кетті
24.08.2026, 17:22