Батыс Қазақстанда тұрғындар екпе алуға кезекке тұрып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда тұрғындар екпе алуға кезекке тұрып жатыр

09.07.2021

Батыс Қазақстанда екпе алу үшін тұрғындар ұзын-сонар кезекке тұрды. Соңғы тәулікте 4700 адам екпе алды. Мұндай көрсеткіш қалада бұрын-соңды тіркелмеген. Өңірде бүгінге дейін жалпы саны 120 мыңға жуық адам ковидке қарсы вакцина салдырған. Ауыл-аймақта да екпе қарқынды жүріп жатыр. Жәнібек, Тасқала аудандарында халықтың 50 пайызы індетке қарсы вакцина салдырған.

Анар Мұқамбетқалиева,    қала тұрғыны:
Бүгін екінші күн келіп отырғаным. Кеше үлгерген жоқпыз, уақыт бітіп қалды да. Кезекте сағат жарым тұрдым. Отбасымызбен түгел келіп тұрғасын, күттік. Алып жатырмын қазір. Маскадан құтылсақ, осы вакцинаны алып, осы аурудан түбегейлі құтыламыз деген ойдамын.

 Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу