Солтүстік Қазақстанда ауыл халқы белсенді түрде екпе алуда
Солтүстік Қазақстандағы Мамлют ауданы тұрғындарының 70 пайызы вакцина алып үлгерді. Науқан басталған сәттен-ақ жұрт белсенді түрде екпе алуға кіріскен. Ауданда 19 мыңдай халық тұрады. 7 екпе салу пункті жұмыс істейді. Екі жылжымалы бригада ауылдарды аралап жүр. Әрқайсысы орта есеппен күніне 35 адамды қабылдайды. Жалпы өңірде вакцинаның бірінші компонентін 152 мыңға жуық адам алса,80 мың тұрғын толық курстан өткен.
Өткір Ирисматов, аудандық аурухана фельдшері:
Өзіміздің денсаулығымыз бірінші орында. Сол үшін вакцина алуымыз керек. Теледидардан да көрсетіп жатыр. Халық түсінді деп ойлаймын. Күнен күнге көбейіп жатыр. Жастар да үлкендер де бәрі бірдей келіп жатыр. Келгендерге денсаулығына қарап, вакцина қойып жатырмыз.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Silk Way Star байқауының екінші маусымы басталды
07.09.2026, 10:43
Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары пысықталды
07.09.2026, 10:40
Президент Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 10:31
Талдықорғанда IT мамандарын даярлауға арналған білім кампусы ашылды
07.09.2026, 10:03
Ақмола облысында алтын өңдеу фабрикасының құрылысы басталды
07.09.2026, 10:01
Германияда су тапшылығы күшейді
07.09.2026, 10:00
Индонезияда жанартау атқылап, 8 әуежайдың жұмысы тоқтады
07.09.2026, 09:59
Мал ұрлығы: 460-қа жуық күдікті ұсталған
07.09.2026, 09:59