Жамбыл облысында сақтық шаралары күшейді
Батыс Қазақстанда зертханаға жіберілген 18 сынамадан үнді штамы анықталды. Өңірде ауру жұқтырғандар көбейді. Соған сай карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. 10 шілдеден бастап саябақ, тынымбақтарда скутер, самокаттарды жалға беруге тыйым салынады. Ашық алаңдағы аттракцион жұмысы тоқтатылады. Бассейн, СПА-орталықтардың жұмыс уақыты шектеледі.
Ғали Есқалиев, облыс әкімі:Облысымызда үнді штамы тіркеліп отыр. Облыс бойынша 114 мыңнан астам адам нкпе алды. Жалпы көрсеткіш жақсы. Бірақ ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін әлі де көп кісіні вакцинациядан өткізуіміз керек.
Жамбыл облысында үш адамнан ковидтің үнді штамы анықталды. Қазір індет жұқтыру көрсеткішіне сай өңір сары аймақта. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша шектеу енгізіліп, көпшілікке арналған мәдени шаралар өткізуге тыйым салынды. Ал, әлеуметтік нысандар санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмысын жалғастыра береді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16