Ресейге кіру үшін «Ковидсіз саяхат» қосымшасына тіркелу қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейге кіру үшін «Ковидсіз саяхат» қосымшасына тіркелу қажет

08.07.2021

Қазақстан азаматтары Ресей шекарасын кесіп өту үшін COVID-19 ПТР сынамасын «Ковидсіз саяхат» қосымшасы арқылы растауы қажет. Жаңа қаулы 10 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұдан былай қағаз жүзіндегі анықтамалар жарамсыз. «Ковидсіз саяхат» қосымшасы ұялы телефонға жүктеледі, содан кейін тізімде көрсетілген ең жақын зертхананы таңдау керек. Шекара аспас бұрын кем дегенде 72 сағат бұрын ПТР сынағынан өтіп, нәтижесі қосымшаға жүктеледі. Бұл талап Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен келетін азаматтарға да қатысты.

Ия Малкина, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының көмекшісі: 
«Ковидсіз саяхат» - туристерге арналған жаңа қосымша. Соңғы айда 75 мыңнан астам адам тестілеу нәтижесіне қол жеткізді. Қолданушыларың жеке мәліметтері толық қорғалған. Бұл қосымшаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер қолданады.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу