Белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетов дүниеден озды
Қазақтың кино өнері тағы бір көрнекті өкілінен айрылды. Белгілі режиссер, сценарист, жазушы Сатыбалды Нарымбетов 75 жасында дүниеден озды. Бұған дейін оның ауыр халде ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған еді. Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы Ащысай ауылында туған. Мәскеу мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1969 жылдан бері «Қазақфильм» киностудиясында сценарист әрі кинорежиссер болып қызмет етті. Саналы ғұмырын кино саласына арнаған қайраткер «Зауал», «Күзгі бұралаң жол», «Созақтан шыққан Гамлет», «Көзімнің қарасы» және өзге де фильмдерге режиссерлік еткен. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұжымы Марқұмның отбасы мен туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Смағұл Елубай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Кино өнері менен әдебиетке бүкіл ғұмырын арған ерекше тұлға болды. Сол өнерге адал қызмет етті. Таза қызмет етті. Сондықтан Сатыбалдының сүйікті көрермендері, оқырмандары Қазақстанда миллиондап саналады деп ойлаймыз.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар сайлау барысын бағалады
24.08.2026, 17:51
Ел жаңалықтарына шолу
24.08.2026, 17:39
Қазақтың амандасу әдебі қалай болған?
24.08.2026, 17:37
Ақтөбе облысында тағы бір ауылға газ берілді
24.08.2026, 17:33
Түркістанда өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылды
24.08.2026, 17:30
ШҚО-да 4 мың адамды кене шаққан
24.08.2026, 17:27
Ақмола облысында 1,3 млн тонна астық бастырылды
24.08.2026, 17:25
Қытайда тасқыннан 54 мыңдай адам үйлерін тастап кетті
24.08.2026, 17:22