Ақмола облысындағы курортты аймақтарға санитарлық бекеттер қойылады
Ақмола облысындағы курортты аймақтарға 10 шілдеден бастап санитарлық бекеттер қойылады. Келушілердің дене қызуы тексеріліп, "ашық" бағдарламасы арқылы мәртебесі анықталады. "Қызыл" және "сары" санаттағылар демалыс аймағына жіберілмейді. Сонымен қатар, осыған дейінгі шектеулер сақталады. Демалыс күндері ірі сауда орындары, жабық базарлар жұмыс істемейді. Соңғы аптада облыста өткен жұмамен салыстырғанда коронавирус жұқтырғандар 2 жарым есе көбейген.
Айнагүл Мусина, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:Бурабайға демалуға келгендердің арасында "қызыл", "сары" санаттағы адамдар анықталуда. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Қарағанды облысының тұрғындары бар. Карантин талаптар сақталмай жатыр. Сондықтан санитарлық бекеттерді қою туралы шешім қабылдадық.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16