БҚО-да қараша айына дейін алты ауданның халқына су беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да қараша айына дейін алты ауданның халқына су беріледі

07.07.2021

Батыс Қазақстан облысы биыл Ресейден 4,1 млрд. теңгеге су сатып алады. Еділден алынатын 145 млн. текше метр су алты ауданның халқы мен суармалы жерлерге жіберіледі. Өңірде соңғы үш жылда қуаңшылық болып, мал-жанға қиын соққан еді. Биыл су бар әрі жауын-шашын да мол. Аймақта тозған гидротехникалық нысандар да қалпына келтіріліп жатыр.

Нұрболат Жұмағалиев, «Қазсушар» РМК БҚОФ директоры: 
Ерекшелігі біздің филиалдың – малға, халыққа су шығарып отырмыз, оның бер жағында шабындыққа, лиманға су береміз. 1,9 млрд қаралған ақша болса, оның үстіне қосымша министрлігіміз 2,2 млрд теңге ақша бөліп, қазір Ресейден 4,1 млрд теңгеге қосымша су сатып алып, қарашаға дейін сол суды халыққа жеткізіп береміз.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу