Елімізде жаңа қаржы пирамидасы анықталды
Абайлаңыз! Елімізде Finiko деп аталатын жаңа қаржы пирамидасы анықталды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл компанияға ақша салып, алданып қалмауға шақырып отыр. Айтуларынша Finiko клиенттерге ақшасын криптовалютаға инвестициялауға үгіттейді. Сол арқылы табысты 4 айда екі жарым есе арттыруға болатынын айтып алдайды. Оның үстіне қаржылық операциялар банк арқылы емес, интернет төлемдер мен аударымдардың түрлі күмәнді жүйесі арқылы жүргізіледі. Яғни ақшаның қайда кеткенін бақылау қиын. Айта кетейік Ресейде осы Finiko компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Шығын көлемі 80 миллион рубль.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16