Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты

02.07.2021

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың айналасына жайқала өсіп тұрған орманды алқапты аралады. Қазір қала маңында жасыл желектің ауданы еселеп өсіп, орманға айналды. 23 жылда 146 млн ағаш отрығызылды. Бас қаланың тек іші ғана әдемі емес, шаһар айналасы мен сырты да сұлу келбетті болуы тиіс деген Нұрсұлтан Назарбаев жасыл белдеуді мақтанышпен мысал етті. Айта кетейік, 2019 жылдан бастап дәл осы жоба негізінде, Түркістанның айналасында жасыл белдеу отырғызыла бастады. Ғабит Бөкенбай тарқатады.

Осыдан 23 жыл бұрын Елорда маңы мидай жазық болатын. Сол кезде отырғызылған көшеттер қазір орманға айналды. Жерінің 4 пайызы ғана орманға оранған Қазақстан үшін бұл айтулы жетістік. Елбасының бастамасымен жүзеге асқан бұл игіліктің шарапатын ең алдымен ел көреді.

Елбасы Есілдің бойын ен тоғай етуді ерте айтты. Ал, бұл міндетті бұлжытпай орындаған орманшылардың еңбегі ерен. Ширек ғасырға жуық уақытта орманшылар талай тәсілді меңгерді. Алғашында көшеттерді ашық тамырымен отырғызатын. Көп ағаш жапырақ жаймай, ауырып қалатын. Ақырында отырғызған көшеттің тең жартысы бүр жармай қурап қалатын. 2012 жылдан бастап, көшеттер топырағымен бірге отырығызылады.
 Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
Далалы аймақта орман өсіру бойынша тәжірибе жинадық. Мақсатқа алып отырмыз.
Биыл 900 мыңға жуық ағаш отырғузы көзделген. Қазірдің өзінде оның жартысы егілді. Отырғызған көшетті түптеу, топырақты өңдеу, суару секілді сан түрлі бабы бар.
Мұхит Рамазанов, «Жасыл аймақ» РМК бас директоры:
Көшетті себуге, отырғызуыға, түптеуге жоба жасалады. Одан кейін, екі жылда топырақ дайындалады. Кейін отырғызып, қалған 5 жылында оны баптаймыз. 
 Ерболат Шортыбаев, «Астана орманы» ЖШС жетекші шебері:
Жасыл белдеуде 14800 гектар ағаш өсіп жатыр. Оның ішінде 9 млн600 мың ағаш болса, 1,8 млн бұтақ бар. 
«Жасыл белдеу» ішінде қазір сүйелді қайың, ұсақ және жалпақ жапырақты шегіршін, қарағай, көде, боз жиде, терек, сары қарақат, көріктал және шие секілді ағаштардың 30-ға жуқ түрі өседі. Елбасы қала айналасын ғана емес, еліміздің барлық аймағының ажарын көкбелдеулердің көмегімен көркейтуді ұдайы айтып жүр.
 Анастасия Кривошеева, «Астана орманы» ЖШС жасыл белдеу басшысы: 
Бұл - еліміздің өкпесі. Сау-саламатты өмір сүруге мүмкіндік беретін керемет жоба. Казгидрометтің мәліметінше, ауыр металдың шығарындылары азайды. Елордада соғатын желді күндер еселеп кеміді. Жаңбырлы күндер саны көбейді. Жасыл желекке жауын-шашын өзі тартылады. Жоқтан бар болған орманның арқасында түрлі көрсеткіштер тек оң нәтиже беруде.
23 жылда орманның аумағы кеңейді. Бұл жерде 20 шақырымдық велосипед жолы бар. Қазір, бұл жер тұрғындардың сейіл құрып, серуендейтін сүйікті мекені.
Ең бастысы, бұл – орман біздің таза ауамен тыныстауға мүмкіндік беретін ордамыздың «өкпесі».

Жасыл желек аң-құсқа да пана. Орманшылар қырғауылды өздері өсіріп, алқапқа жібереді. Ол жасыл желекке зиян келтіретін ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Қысқасы, қырғауыл табиғи санитардың міндетін атқарып тұр. Бұдан бөлек, қоян, қарсақ, елік, бұлан орманды мекендей бастаған. Бүгін жылдағы дәстүр бойынша Елорда төңірегіндегі орманды алқапты аралаған Нұрсұлтан Назарбаев жасыл желеке қырғауылдарды еркін жіберу шарасына да куә болды.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу