Елордада қоғамдық орындардың саны көбеюде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қоғамдық орындардың саны көбеюде

02.07.2021

Бас шаһардың мерекесіне орай қаланы абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Қазір қаланың оң жағалауында туристер мен қала тұрғындарының серуендеуіне көп жағдай жасалған. Бір ай бұрын қаланың ескі жағында ашылған театр бульвары субұрқақ кешені мен жаяу жүргіншілер аллеясымен ерекшеленеді.

Театр бульвары жаңадан ашылған тыным бақ. Мұнда келіп, серуендеушілердің саны өте көп. Алаң, әсіресе, балғындар үшін базарлы бақ. Ойын баласы үшін субұрқақтың суына түсіп, сергуден артық демалыс жоқ.

Жаңа алаң Республикадан Бейбітшілік көшесіне дейін жалғасады. Нысандағы құрылыс жұмыстары қазір қызу. Құрылысшылар алаңның қабырғалары мен жерді кірпішпен қалап жатыр.

Бульвар қаланың ескі жағында орналасқан. Мұнда мәдени нысандармен қатар тарихи келбетін сақтап қалған ғимараттар көп. Аспан астындағы мұндай жобалар, әсіресе, туристердің демалуына да ыңғайлы.

Елнар Базыкен, урбанистика орталығы директорының орынбасары:
Туристер келеді. Оларға көрсететін жерде көп болады. Сол жерде біз адамға не керегін біз жасаймыз.

Бас қаланы абаттандыруға қатысты бірқатар ірі жобалар қолға алынды. Қала бойынша 150 аула аумақтарымен қатар 40-тан астам қоғамдық орын биыл халықтың игілігіне берілмек.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу