Әркімге коммерциялық жылжымайтын мүлікке инвестор болуға мүмкіндік бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әркімге коммерциялық жылжымайтын мүлікке инвестор болуға мүмкіндік бар

02.07.2021

Соңғы 3 жылда банк секторына 13 млрд теңге көмек берілді. Себебі, қаржы институттары тұрақсыз болғандықтан мемлекеттің қолдауына тура келеді. Ал, тәуелсіздік жылдарынан бері 136 банк жабылған. Қазір тек 25-і ғана жұмыс істеп тұр. Екі ортада табысымызды еселейміз деген жұртшылық тақырға отырды,-дейді жылжымайтын мүлік қорының басшысы Арман Баев. Ол өзінің стартап жобасы арқылы ақшаны арттыратын балама жол ұсынып отыр. Бұл краундфандинг. Яғни, көпшілік қаржысы бір іске құйылады. Әр адамға коммерциялық жылжымайтын мүлікке инвестор болуға мүмкіндік береді. Бүгінде ұжымдық инвестицияға 1,5 мың адам тартылған. Әр кім жағдайының көтергенінше төлем жасайды. Тіпті, нысанның 1 шаршы метріне қаржы салып, жалдау құнынан пайда табуға болады. Инвестициялық қаржы-технологиялық платформа Астана халықаралық қаржы орталығымен бақыланады. Және шариғат ережелеріне негізделген.

Арман Баев, Жылжымайтын мүлікке инвестиция тарту бойынша бірінші краудфандинг платформасының басшысы: 
Мұнда жоғарыда аталғандардан басқа құрылыс компанияларының құрылысқа қаржы тартуына болады. Сосын қарапайым тұрғындар делдалсыз бір-біріне займ бере алады. Жалпы, қазір 1500 инвестор бар. Олар 2 мың шаршы метрді пайдаланып отыр. Құны 1 млрд теңгеден астам. Атап өту керек біздің барлық өнім шариғатқа негізделген. Яғни тәуекелдерді бірге бөлісеміз.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу