Үлкен Алматы айналма жолы 2022 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс
Үкімет басшысы Асқар Мамин Үлкен Алматы айналма жолының құрылысын 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Күрделі жоба жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көліктердің табиғатқа зиянын азайтатын болады. Мұнда автожолмен қатар көпірлер, жол айрықтары мен эстакадалар салу көзделген. Болашақта осы айналма жол арқылы тәулігіне шамамен 38 мың көлік Алматы қаласын айналып өтетін болады. Бұл ретте Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалдау көлемі өседі деп күтілуде.
Аббас Шахин, «Алсим Аларко» компаниясының вице-президенті:
Құрылыс 8 ай бұрын басталған болатын. Жалпы жұмысқа 50 ай берілген. Дегенмен, Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, жобаны 2 жыл ерте аяқтайтын боламыз. Қазір құрылыс алаңында 1600 адам жұмыс істеп жатыр.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16