Еуропа Одағында COVID-19 сандық сертификаты пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Одағында COVID-19 сандық сертификаты пайда болды

02.07.2021

Еуропада ковидтің сандық сертификаты пайда болды. Оған ие болған азаматтар Одақтың 27 еліне еркін сапарлай алады. Сонымен қатар, жаңа куәлік жазғы туризмді ашуға жәрдемдеспек. КСМ: QR-code формасындағы құжатты смартфонға жүктеп немесе басып шығаруға болады. Бұл паспортта саяхатшының толық вакциналғаны, ПЦР тест негативтік нәтижемен тапсырғаны және коронавирустан жазылып шыққаны туралы мәліметтер енгізілген. Сонымен қатар, «ковид» сертификатымен Шенген аймағындағы Исландияға, Лихтенштейнге, Новрвегияға, Швейцарияға кедергісіз енуге болады.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, футбол чемпионаты Еуропада пандемияны қайта күшейтіп отыр. Фанатттар стадиондарға, барларға, көрермендер зонасына арақашықты сақтамай, көптеп жиналып жүр. Сондықтан, аймақта коронавирус жұқтырғандар саны 10 пайызға өскен.

АҚШ-та осы инфекцияның үндістандық «дельта» штамы өршіп барады. Сондықтан, Ақ үй әкімшілігі оның ошағы анықталған аудандарға арнайы бригадаларды жіберетінін хабарлады. Айта кетсек, АҚШ та қаңтарда күніне орта есеппен 250 мың адамнан ковид табылса, екпеден кейін олардың тәуліктің саны 11 мыңға дейін азайған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу