Қарағанды облысында ауыл әкіміне кандидаттар бағдарламаларын таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында ауыл әкіміне кандидаттар бағдарламаларын таныстырды

01.07.2021

Қарағанды облысы бойынша 201 ауылдық округ болса, соның 75-де әкімдер сайланады. Сайлау - ауылдық жерлердегі жергілікті өзін-өзі басқаруда іскерлігін көрсеткісі келетін азаматтар үшін үлкен мүмкіндік. Белсенді азаматтардың арасынан кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға беріліп отыр. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өңірлік филиалы тарапынан 5 кандидат таңдалған. Бүгін олар кезектен тыс конференцияда партия өкілдері мен делегаттардың алдында бағдарламаларын таныстырды. Конференцияда ауылды дамытудың тиімді тетіктері айтылды.
Серғазы Әдекенов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ҚОФ төрағасы: 
Ауыл әкімдеріне жүктелетін үлкен сенім. Біздің сенімімізден шығады деп ойлаймыз. Атап айтатын болсақ, ауылдағы үлкен мәселелер ол ауыз су мәселесі, жол мәселесі және де мына заманауи технологияларды ауыл шаруашылық саласына енгізу.
 Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу