Жаңа әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі күшіне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі күшіне енді

01.07.2021

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жаңа әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі күшіне енді. Бұл заң мемлекеттік органдармен дау кезінде жеке азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған. Жаңа кодекс мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың парадигмасын түбегейлі өзгертпек. Азаматтардың құқығы мен бизнесті қорғаудың жаңа механизмдері енгізіледі. Әкімшілік органдардың үстінен жазылатын талап арыздар енді «әкімшілік органдардың кінәлі-кінәлі еместігін айқындау» қағидаты негізінде қарастырылады.

Бұл ретте арыз беруші емес, әкімшілік орган өз шешімінің дұрыстығын сот алдында дәлелдеуі шарт. Сырғытпа жауаптар мен әуре-сарсаңға салу әрекеті үшін шешім қабылдаған тұлғалар да жауап береді. Құжат «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды құралына айналмақ. Бұдан былай, мемлекеттік орган қызметкерлері кез-келген сұрақты сөз бұйдаға салмай, жедел қарауға мүдделі болмақ. Егер іс сотқа кетсе, оның үстінен айыппұл салынып, мансаптық жоғарлауына кері әсер етпек.

Айдос Сәдуақасов, ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметінің жетекшісі: 
Бұл заңның үлкен артықшылығы мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін күшейтеді. Әрбір әкімнің министрге дейін өз қызметіне деген жауапкершілігі күшейеді. Өз қызметін дұрыс атқармаған жағдайда соттың алдында жауап береді. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу