«Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары «Қазақстан барысы» турнирін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары «Қазақстан барысы» турнирін тікелей эфирде көрсетеді

01.07.2021
«Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары «Қазақстан барысы» турнирін тікелей эфирде көрсетеді

4 шілдеде елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүлдесі үшін қазақ кіресінен «Қазақстан барысы» турнирі өтеді. Дүбірлі дода ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналып отыр.

Жарысқа іріктеуден өткен 37 палуан қатысады. Ақтық сынға жолдама алған палуандардың көшін қазақ күресінен төрт дүркін әлем чемпионы, үш дүркін «Әлем барысы», екі дүркін «Қазақстан барысы» атанған Айбек Нұғымаров бастап тұр. Сонымен қатар, турнирдің жеңімпаздары Мұхит Тұрсынов пен Еламан Ерғалиев те сынға түседі.

Турнир Qazaq kuresi Ассоциациясы бекіткен ережелерге сәйкес өтеді. Жекпе-жектің динамикасын арттыру мақсатында белдесу уақыты 5 минуттан 4 минутқа, қойын-қолтық белдесу уақыты 2 минуттан 1 минутқа қысқарған.

Палуандар сайысының жүлде қоры биыл өзгеріссіз қалды. Жеңімпазға 25 млн теңге және алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» беріледі. Екінші орын иеленген палуан 5,5 млн теңге алса, үшінші орын иегері 1,8 млн теңгені қанжығалайды.

Жанкүйерлер турнирді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы тікелей эфирден көре алады. «Qazsport» арнасындағы тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 13:00-де, «Qazaqstan» арнасында 17:00-де басталады. Палуандар сайысын сондай-ақ арналардың ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалауға мүмкіндік бар.

«Qazaqstan» Qazsport Қазақстан барысы турнир тікелей эфир Айбек Нұғымаров Мұхит Тұрсынов Еламан Ерғалиев

Хабарламаларға жазылу