Қостанай облысында 65 әкім сайланады
Қостанай облысында 25 шілде күні өтетін сайлауда 65 ауылдың әкімін сол елді мекендердің тұрғындары таңдайтын болады. Бұған дейін ауыл әкімдерін аудандық мәслихат депутаттары сайлап келген еді. Қазір 91 адам ауыл әкімдігіне кандидаттыққа үміткер ретінде тіркелді. Олардың 70-і өзін-өзі ұсынғандар. Қалғандары саяси партиялар атынан додаға түспек. Кандидаттардың үгіт насихат жүргізу жұмыстары 15 шілдеден басталады.
Әсия Дуанбаев, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі:
Тіпті, өзін-өзі ұсынатындардың өзі көшеден келе салған адамдар болмайды. Кандидат ретінде тіркеу талапқа сай жүргізіледі. Мысалы, ол міндетті түрде ҚР азаматы, жасы 25-тен асқан адам болуы керек. ҚР «Сайлау туралы» заңы мен «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарына да сәйкес талаптардың үдесінен шығуы тиіс.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16