Бас мүфти коронавирусқа қарсы екпе салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас мүфти коронавирусқа қарсы екпе салдырды

01.07.2021

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти, Наурызбай қажы Тағанұлы ковидке қарсы екпе алды. Отандық QazVac вакцинасын салдырған Бас мүфти екпеден соң өзін жақсы сезінгенін мәлімдеді. Қазір әр аймақта имамдар, діни басқарманың да біраз қызметкерлері індетке қарсы екпе салдырып жатыр. «Мамандардың сөзіне құлақ асып, денсаулық үшін маңызды деген соң осындай қадамға барып отырмыз», - деді Бас мүфти.

Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:
Қазақта сөз бар ғой, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде». Ислам шариғатында зәру жағдайында екпе алуға рұқсат етіледі. Қазіргі таңда індеттің алдын алу үшін. Мамандар түсіндіріп, насихаттап жатыр. Өзіміздің елдің амандығы үшін екпе алдым. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу