Алматы облысында экологиялық акция өтеді
4 шілдеде «Jana Dunie» ҚҚ «Қайырымды істер марафоны» жобасының аясында Қапшағай тас жолын вандалдық жазбалардан тазартуға бағытталған акция өткізеді. Экологиялық жобаға жергілікті белсенділер, волонтерлер мен қазақстандық Tik-Tok жұлдыздары қатысады.
«Пандемия мен шекаралардың жабылуы ішкі туризмді дамытудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты. Кейінгі бір жарым жылдың ішінде қазақстандықтардың дені жергілікті туристік бағдарларға көбірек көңіл бөле бастады. Алайда Қазақстанның табиғи көрнекі орындары мен қасиетті жерлерінде туристер өздерінен кейін тастап кететін қоқыстар мен «жартасқа жазылған жазулардың» да саны көбейіп кетті. Осы ретте экологиялық акция қазақстандықтардың назарын аталған проблемаға аудартып, табиғатқа бастапқы көркі мен бірегей сұлулығын қайтаруды көздейді», - делінген ұйымдастырушылар таратқан релизде.
Жобаға «Kazakh Tourism», «Amaty VitRina», фотографтар бірлестігі мен қазақстандық тиктокерлер қолдау білдірді. Мұндай акциялар Қазақстанның бірнеше аймағында, атап айтқанда Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Бурабайда өткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16