Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алған құрамалар толық анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алған құрамалар толық анықталды

30.06.2021

Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алған құрамалар толық анықталды. 

2 шілде Санкт-Петербургте Швейцария мен Испания құрамалары жасыл алаңға шығады. Дәл осы күні Мюнхенде Бельгия мен Италия құрамасы өзара мықтыны анықтайды. Ал жексенбі Чехия мен Дания футбол ойыншылары Бакуде шеберлік байқасады. Сонымен бірге 3 шілдеде Украина мен ағылшын футболшылары Римде кездеседі. Жартылай финалға шыққан құрамалар анықталған соң, 6-7 шілдеде ақтық бәсекенің үздіктері іріктеледі. Финал 11 шілдеде Лондонның «Уэмбли» стадионында өтеді деп жоспарланған. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу