Шымкентте газ жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте газ жарылды

07.06.2019

Бүгін Шымкент қаласында  газ сақтау қоймасында  жарылыс болды. Апат сағат 11-лер шамасында «Тассай» шағын ауданындағы автомобильдерге газ құю стансасында тіркелді. Абайсызда тұтанған оттан 4 автоцистерна жарылып, жанып кетті. Оның екеуінің сұйықтықты тасымалдау бөлігінде  7 текше метр, тағы екеуінде 50 текше метрден газ болған. Мұнан бөлек өнімді сақтайтын  цистернаның бірі  отқа оранған. Апаттан 20 жастағы бір азамат зардап шекті. Денесін күйік шалған станса қызметкері дереу ауруханаға жеткізілді.

 

Мадияр Жақсыбаев, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:

 

Өрт сағат 12 ден 21 минут кеткен кезде ауыздықталды. Отты өшіруге бір сағатқа жуық уақыт кетті. Оқиға орнына 21 өрт сөндіру техникасы әкелінді. Төтенше жағдай қызметінің 90 құтқарушысы жұмыс істеді.

Хабарламаларға жазылу