Елімізде эпидахуал қайтадан күрделене бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде эпидахуал қайтадан күрделене бастады

30.06.2021

Эпидахуал қайтадан күрделене бастады. Қазір еліміз қызыл аймақта тұр. Өйткені, 5 өңірде қауіп күшейді. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. Ал, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстары қауіптің орта деңгейінде. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

Соңғы тәулікте індетке шалдыққандар саны күрт артты. Кеше 2016 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 83 адам шалдыққан. Бүгінде 24 мыңнан астам адам емделіп жатыр, олардың 500-ге жуығы ауыр жағдайда. Ал, екпе алғандар саны 3 млн 335 мыңнан асты.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу