Басты Жаңалықтар Жамбыл облысы көршілес аймақтармен шекараны жабуы мүмкін

Жамбыл облысы көршілес аймақтармен шекараны жабуы мүмкін

Аймақтарда да карантин шаралары күшейтілді. Жамбыл облысы көршілес өңірлермен шекараны жабуы мүмкін. Маңғыстауда стацонарлардың 34 пайызы толған. Ал, Қостанай, Ақтау, Ақтөбе, Ақмола облыстарында жаңа қаулы күшіне енді.

Жамбыл облысы көршілес аймақтармен шекараны жабуы мүмкін. Кеселге шалдыққандар қатары көбейе берсе, жергіліткі билік осындай амалға баруға мәжбүр. Өйткені, індет жұқтырғандар саны өсіп барады. Соңғы бір аптада 214 адамнан ковид белгілері анықталды. Қазір инфекциялық ауруханада 423 науқас ем қабылдап жатыр.

 Әсет Қалиев,  денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 
Қайтадан кереует қорын дайындау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Қосымша дәрі-дәрмектердің қорын жасау, қорғаныш киімдер, т.б. нәрселер қатаң бақылауда. Бізде қажеттілік болса, қосымша кереуеттерді ашуға мүмкіншілік бар.

Батыс Қазақстанда ауруға қарсы тұрудың тиімді жолы – екпе науқанын екпінде тпек.Ол үшін ұтыс ойнатылмақ. Бас жүлде - автокөлік. Ұтысқа көліктен басқа ұялы телефон, тұрмыстық бұйымдар тігілді. Оған екпенің екі компонентін алғандар қатыса алады. Ол үшін stopcovid.kz сайтына тіркелу керек.

Маңғыстауда соңғы аптада коронавирус жұқтырған 265 адам тіркелді. Апта ішінде жедел жәрдем қызметіне 5 мыңнан астам шақырту түскен. Стационарлардың 34 пайызы толған. Емделушілер арасында кәмелетке толмаған балалар мен жүкті әйелдер де бар.

Ғазиз Надуев,   облыстың бас санитарлық дәрігері: 
Эпидемияға қарсы шаралардың бәрін сақтауға әлі де біз қоғамды шақырамыз. Ол әлеуметтік ара қашықтықты сақтау. Маска тәртібін сақтау әлі де актуалды. Егер осы айтып жатқан шаралардың бәрін қолданбаса, оның да қайталануы мүмкін болуы мәлім.

Ал Ақтөбеде бүгін бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енді. Саябақ, ашық алаңда, отбасы мүшелері болмаса, 3 кісіден артық топтасып жүруге болмайды. Аквапарк, жағажай жұмысына тыйым салынды.

Ақмола облысында 3-інші шілдеден бастап карантин талаптары күшейтіледі. Жаңа қаулыға сай ауданы 500 шаршы метрден асатын сауда орындары, фитнес-орталықтарына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат жоқ. Базарлар да жексенбі күні жабық болады. Қоғамдық тамақтану орындарының қызмет көрсету уақыты қысқартылып,театрлар мен концерттік залдардың жұмысы тоқтатылды.

Ардақ Мұратқызы

Бөлісу