Еуропа біріншілігінің 1/4 финалына жолдама алған командалар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа біріншілігінің 1/4 финалына жолдама алған командалар анықталды

30.06.2021

Футболдан Еуропа біріншілігінің ширек финалына жолдама алған командалар анықталды. Кеше 1/8-дің соңғы ойындары болып, ағылшындар Германия құрамасымен кездесті. Ойын Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтіп, Ұлыбританияның жеңісімен аяқталды. Алаң иелері 75-минутта есеп ашып, 86-минутта оны еселей түсті. Есеп 2:0.

Ал Украина соңғы минуттарда Швециядан жеңісті жұлып әкетті. Кеше олар Глазго төрінде кездесіп, негізгі уақытта тең ойнаған. Ал қосымша уақытта Украина бір гол айырмашылығымен жеңіске жетті. Енді украиналықтар ширек финалда ағылшындармен кездеседі.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу