Елімізде 1797 адам Кеңес Одағының төлқұжатымен жүрген
Елімізде жеке куәлігі жоқ 4600-ден астам адам анықталды. Олардың ішінде 1797 азамат Кеңес Одағы кезіндегі төлқұжатпен жүрген. Бұл туралы көші-қон комитетінің өкілдері мәлімдеді. Жеке куәлігі жоқтар негізінен Алматы қаласы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарында тұрады. Қазір олардың 3408-не жеке куәлік берілді. Ал қалған 1278 адамды құжаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Айта кету керек, құжаты жоқ азаматтар түрлі жәрдемақылардан қағылып, білім, медицина саласындағы қызметтерді пайдалана алмайды.
Сабыржан Сейтжанов, ҚР ІІМ көші-қон комитеті төрағасының орынбасары:Қазіргі кезде аталған науқан жалғасуда. Сол себепті мүлдем құжатсыз жүрген азаматтарға айтарым: өздерінің құқықтың мәртебелерін анықтау және жеке басын куәландыратын құжат алу үшін жергілікті көші-қон қызметі бөлімшелеріне жүгінулеріңізге болады.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16