ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

29.06.2021

Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді. Жиында бірегей институттың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қосқан үлесі талқыланды. Сондай-ақ кеңестің құрметті мүшесі деген қоғамдық атақ беріліп, жас ғалымдар мен сарапшылардың пулы таныстырылды. Олар маңызды миссия мен стратегиялық қадамдарға барады. Ұлттық дамуды терең талдап, мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімді тетіктерін іздестіреді. Осы ретте ассамблея төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ғылымның басым бағыттарына үңілу, зерттеу нәтижелері, соңғы жарияланымдармен алмасу үшін сарапшыларға ақпараттық база мен интерактивті алаң құрудың маңызын атап өтті.  

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу